Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім етті.
Депутат Бауыржан Смайылов, Татьяна Яковлева, Берік Бекжанов пен Петр Дмитриенко «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының атынан балаларға сыйлықтар табыс етті. Балалар және педагогтармен болған әңгіме барысында депутаттар болашақ ұрпақтың тәрбиесі елдің әрбір өңіріндегі «нұротандықтардың» назарында екенін атап өтті. Өз кезегінде балалар да қонақтарға өнерлерін көрсетіп, концерт тарту етті.
Кәмелеттік жасқа толмаған балалар үйі Астана қаласында 2001 жылдың наурыз айында ашылған болатын. Қазіргі таңда бұл үйде 47 бала мемлекет қамқорлығына алынып отыр.