деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу барысында депутаттар жиналғандарды Қазақстан халқы ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, олардың ассамблея қызметіне қатысты сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ тараптар аймақтағы қалыптасқан мәселелер жөнінде де өзара пікір алмасты.
Онда ассамблея қызметіне қатысты сөйлеген Мәжіліс депутаты Сергей Дьяченконың айтуынша, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауынан кейінгі кезең Парламенттің төменгі палатасына ассамблея атынан депутаттардың сайланғандығы дұрыс екендігін көрсетті. «Меніңше, бұл тек Қазақстанда ғана жүзеге асырылып отырған жүйе және біз оны жүзеге асыра алдық. Біз Мәжілістен арнайы депутаттық топ құрдық. Оның құрамында 16 адам бар. Бұл тиімді жұмыс істеу
үшін жеткілікті мөлшер және біздің топтың депутаттары Парламентте қабылданатын құжаттардың барлығына атсалысады. Өйткені ол біздің басты жұмысымыз. Біз «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заң қабылдадық. Бұл өте қажетті әрі заман талабына сай дайындалған құжат» деді депутат.
Сондай-ақ оның айтуынша, депутаттық топ өкілдері сайлаушылармен кездесу, республика халқынан түскен ұсыныстар негізінде депутаттық сауал жолдау бағытында қыруар шаралар атқарды. Осы уақытқа дейін депутаттық топ өкілдері тарапынан Премьер-Министр мен өзге де органдардың атына 72 сауал жолданған. Ал сайлаушылармен кездесу шараларына 20 мың адам қамтылған. «Бұл кездесулер жай ғана қағаз жүзіндегі шара емес, онда нақты істер мен келелі мәселелер қозғалды. Олардың бірқатары депутаттардың бесенділігінің арқасында шешілді де» деді ол.