Мәжіліс депутаттары Қазақстан халқына ант берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына арналған ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттары Қазақстан халқына ант берді.

Антты 6-шы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша - 84 депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша - 7 депутаты, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімі бойынша - 7 депутаты және, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған 9 депутаты берді. "Қазақстан халқына адал қызмет етіп, Қазақстан Республикасы тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын қатаң ұстануға, маған жүктеліп отырған депутат қызметін адал атқаруға ант етемін", - деді ең бірінші болып ант берген Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов.

Антты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады.