Мәжіліс депутаттары «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ішкі істер министрі Серік Баймағамбетовтың айтуынша, Елбасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің алдына нақты міндеттер қойып отыр. «Депутаттардың талқылауына ұсынылып отырған заң жобасы осы міндеттерден және Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын мәселелерді қамтиды. Құжат құқық бұзушылықтың алдын алу саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыруды, бұл міндетті қоғамдық институттар, үкіметтік емес ұйымдар мен барлық мемлекеттік органдардың күштерін біріктіру арқылы жүзеге асыруды көздейді. Біздің басты мақсатымыз азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелейтін жәйттерді жою болып табылады. Заң жобасы осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал етеді», - деді министр. Отырыс барысында депутаттар аталмыш заң жобасының қосымша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулдар енгізу туралы» заң жобасын да бірінші оқылымда қарап, мақұлдады.