Депутат сауалын қолдап, әріптестері К. Сағадиев, Г. Қарақұсова, Д. Нөкетаева, А. Смайыл, Н. Өнербай, Ж. Сүлейменов, Б. Тілеухан қол қойған.
Қазақтың ноқтаға басы сыймаған ұлдары баршылық. Солардың ішінде халық Өзекең деп ардақтап кеткен Өзбекәлі Жәнібеков те бар. Кезінде Қазақстанның халық жазушысы, күні кеше Қазақстанның Еңбек Ері атағын алған Әбіш Кекілбай мырза: «Несін айтасыз, жапан түзге жеке біткен көк сеңгірдей дара тұлға еді. Өтіп бара жатқан ғасырда қазаққа талай-талай мүйізі қарағайдай ұл сыйлаған жомарт Құдайдың бір бердім деп берген ерен перзенті еді» деп бағалап, әрі рух сардары деп атап еді.
Ал Шерхан Мұртаза «Оның, яғни Өзбекәлі Жәнібековтің халқына сіңірген ерекше еңбегін тізбелеп шығу үшін ғана үлкен кітап жазу керек. Ол - киелі адам» дейді.
«Қадірлі Кәрім Қажымқанұлы!2011 жылы ірі қоғам және мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков 80 жасқа толғалы отыр. Осыған орай бірқатар іс-шараларды ұйымдастаруға қол ұшын беруді сұраймын»,- дейді депутат У.Қалижанов.