деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Маусымның 24-і күні өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мұхтар Тінікеев өз әріптестеріне үндеу жолдаған болатын. Ол қос Палаталы Парламенттің бірінші шақырылымында Мәжіліс Төрағасы болған Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың қорына біркүндік еңбекақыларын аударуға шақырды. Әріптестері бұл ұсынысқа қолдау білдіріп, біркүндік ақыларын аталған қорға аударатындықтарын мәлім еткен еді.
Биыл қоғам қайраткері Марат Оспановтың туғанына 60 жыл толады. Осы орайда депутат Мұхтар Тінікеев Қазақстан парламентаризмінің тарихында өз есімін қалдырған тұлғаның мерейтойы аясында бірқатар шаралар өтетіні көзделіп отырғанын хабарлады.
Бұл үндеуді Аппарат қызметкерлері де қолдады. Атап айтқанда, Баспасөз қызметіндегі барлық жауапты қызметкер біркүндік еңбекақыларын М.Оспанов қорына аударды.