Айта кету керек, «Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасына Мәжіліс депутаттары Алдан Смайыл, Гүлнәр Сейітмағанбетова, Светлана Бычкова, Гүлмира Исімбаев бастамашылық жасаған.
Осы заң жобасы балалардың өз жасына сәйкес келетін ақпаратты алу мен тарату құқығын іске асыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге және балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетінақпараттан қорғауға бағытталған.
Заң жобасы бастамашыларының бірі, жұмыс тобының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл заң жобасының өткен сессиядағы жұмыс тобы отырыстында көптеген баптар бойынша талқыланғанын, бүгін жаңа сессиядағы алғашқы отырыста талқылауға шығарылған кейбір баптардың қаралатынын айта келіп: «Баспасөзге қатысты бір топ қоғамдық ұйымдардың өкілдері өз ұсыныстарын берді. Оның бәрі ортақ салыстырма кестеге енгізілді. Жаң түзетулер бойынша ортақ шешімге келуіміз керек»,- деді.
Талқылауға қатысқан жұмыс тобының мүшелері Ұласбек Сәдібеков, Гүлнәр Сейітмағанбетова, Гүлнәр Ықсанова, Гүлмира Исімбаева, Зухра Саяпова, Құралай Қарекен, Оразгүл Асанғазы, Надежда Нестерова кейбір баптар бойынша өз пікірлерін ортаға салды. ҚР Мәдениет және ақпарат, ҚР Білім және ғылым министрілігінің өкілдері депутаттардың кейбір сұрақтары бойынша жауап берді.