Мәжіліс депутаттары Парламент кітапханасындағы «Ашық есік» шарасына қатысты
«Әлемде көптеген елдердің Парламенттерінің жанынан Ұлттық кітапханалар жасақталған. Ал Қазақстан Парламентінің кітапханасы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Ақпараттық-талдау орталығының құрамдас бөлігі ретінде 1987 жылы құрылды. Оның жалпы кітап қорында 46 мыңнан астам баспа өнімдері, оның ішінде 26 мың кітап және 227 мерзімді басылым бар. Кітапхана жұмысында дәстүрлі әдісімен бірге әртүрлі жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады», - делінген баспасөз баянында.
Парламент кітапханасы қос палатаның заң шығару қызметін қамтамасыз ету мәселелеріне, талқыланатын заң жобаларына, парламенттік тыңдауларға және Парламент өткізетін шараларға библиографиялық және анықтамалық-ақпараттық материалдар дайындауға ерекше көңіл бөледі. Парламент Палаталарының комитеттерімен және аппараттарының бөлімдерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды.
«Орталықтың негізгі міндеті елдегі жоғарғы өкілді органның қызметін ақпараттық-анықтамалық, талдамалық жəне кітапханалық-библиографиялық жағынан қамтамасыз ету болып табылады. Парламент кітапханасы Қазақстанның көптеген кітапханаларымен жəне өзге де мемлекеттік ақпараттық құрылымдармен тығыз байланыс орнатқан. Кітапхана халықаралық ақпарат алмасу шеңберінде Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Парламенттік кітапханасымен, Ресей Ғылым Академиясының Мемлекет жəне құқық институтымен, Ресей Үкіметі жанындағы Заңнама жəне салыстырмалы құқықтану институтымен ынтымақтасып отыр. Сондай-ақ Парламенттік кітапхана ТМД-ның бірқатар елдерінің әріптестерімен де іскерлік байланыс орнатқан», - делінген баспасөз баянында.