Мәжілісмендер сапар барысында аталған кәсіпорындардың еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу кезінде тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, білім беру мен зейнетақы салалары бойынша қалыптасқан мәселелер қаралды.
Бұдан соң, Мәжіліс депутаттары түсті металлургия колледжінің аймағында орналасқан Студенттер үйінде болды. Депутаттар Студенттер үйінің тұрмыстық мүмкіндіктеріне жоғары баға берді. Жатақханасы өткен жылдың соңында мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің аясында салынған.
Айта кететін мәселе, Парламент Мәжілісінің депутаттары М.Пшембаев пен А.Платоновтың Павлодар облысына сапарлары қаңтардың 12-не дейін жалғасады.