Әңгімелесудің басты тақырыбы - заңнамалық бастама, оны әзірлеу, талқылау және заң қабылдау, сот жүйесіне, маман әзірлеуге және соттарды тағайындауға, соттардың тәуелсіздігін нығайтуға қатысты болды.
Тараптар мемлекеттік және жекеменшік сот орындаушылардың, төрелік сот шешімдерінің орындалуы тақырыбын да қозғады.
Әңгіме соңында олар аталған өзекті мәселелердің заңнамалық шешімін табуда тәжірибе алмасу үшін Парламентте бүгінгідей кездесулер өткізуді алдағы кезде де жалғастыруға келісті.