деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өткізілген көшпелі отырыстың бағдарламасына орай халық қалаулылары индустриялық-инновациялық орталықта болды. Сондай-ақ «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ының жаңа инвестициялық жобаларын жария еткен көрмемен танысты.
Комитет төрағасы Владимир Бобровтың басшылығымен өткен көшпелі отырыс ҚР Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымның екінші сессиясына арналған негізгі іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырылды.