деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Депутаттар Парламент қабырғасында қаралып жатқан заң жобалары, «Жол картасы» негізінде шешімін тауып жатқан келелі істер, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған игілікті жұмыстар турасында пікір алмасты. Жергілікті мектепте болып, білім беру жүйесінің жарқын істерінің куәсі болды. Кездесу барысында алдағы жылы қолға алынуға тиісті су құбырларын тарту жайы тарқатылды. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырып отырған өзекті мәселелер туралы пікірлерін ортаға салды. Сонымен бірге көп балалы аналарға, мүгедек жандарды күтімге әлеуметтік төлем мөлшерін көбейту, электр қуаты бағасының өсуі жайын қозғап, соған орай нақты ұсыныстарын жеткізді.