кезектен тыс сайлауына және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына сайлау бюллетеньдерін дайындау туралы қаулы қабылдады.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, аталмыш қаулыға сәйкес, Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы пайдаланылатын бюллетеньдерді «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындайтын болады. Ал мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлау бюллетеньдерін төрт өңірлік ұйым басып шығарады. Барлық бюллетеньдер қажетті деңгейде қорғау шараларымен қамтамасыз етіледі.