Мәжіліс депутаттары сенбілікке қатысады
15:42, 22 Сәуір 2011
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Ертең, 23 сәуір күні, Парламент Мәжілісінің депутаттары мен Палата Аппараты қызметкерлерінің қатысуымен жалпы қалалық сенбілік өтеді.
Парламентшілер сағат 9-дан бастап Сарайшық көшесінің бойында Қабанбай батыр көшесі мен Түркістан көшесінің аралығында ағаш отырғызу жұмыстарына кіріседі.