Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинның жетекшілігімен өткен Палата Бюросының отырысында осындай қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың 1 қаңтар күні 22 сағат 40 минуттар шамасында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Шахан кентінде көпқабатты үйдің құлағаны жөнінде арнайы хабар келіп түскен. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің күш-құрылымдары мен арнайы техникалары жөнелтіліп, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.
Қираған үйдің үйінділерінен 9 адамның мәйіті табылды. Олардың 3-уі ер адам, 3-уі әйел адам, тағы үшеуі балалар. Мерт болған отбасының әрбір мүшесіне 1 миллион теңге материалдық көмек көрсетіледі. Ауруханада жатқан, зардап шеккендер үшін 500 мың теңгеден төленеді.
Айта кетерлігі, Мәжіліс депутаттары Нұрлан Дулатбеков, Гүлнар Бижанова, Снежанна Имашева және Серік Құсайынов 5 қаңтар күні Қарағанды облысының Шахан кентінде құлаған тұрғын үйден қаза тапқандардың отбасыларымен кездеседі. Бұл туралы ҚР Парламентінің төменгі палата аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.