Мәжіліс депутаттары су басқан аймақтарда болды - БҚО

None
ОРАЛ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мәжіліс депутаттары Қабиболла Жақыпов, Аманжан Жамалов, Елена Тарасенко, Шавхат Өтемісов кеше БҚО-дағы су басқан аймақтарда болды.

Депутаттар алдымен Орал қаласындағы эвакуациялық пункт орналасқан Жастар мәдениет сарайында болып, зардап шеккендермен тілдесті. Халық қалаулылары бұдан кейін қалаға қарасты Деркөл кенттік округінде, Тасқала, Зеленов, Ақжайық аудандарында су басқан жерлерді аралап, өз көздерімен көрді. Тұрғындармен кездесуде мемлекет тарапынан барлық жағдайдың жасалатынын жеткізді. Өзге жерлерде судың беті қайтқанмен, Ақжайық ауданының Алғабас ауылында қауіп әлі сейілген жоқ. Мұндағылар тасқын сумен 10 сәуірден бері алысуда. Су басқан Қарағай, Бесоба елді мекендерінде малдан шығын бар, қалғанына жемшөп тікұшақпен жеткізілуде.