«Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Шалатай Мырзахметов ОҚО-ның тұрғындарына көмек ретінде біркүндік жалақы мөлшерін аударуды ұсынды. Мәжілісмендер бұл ұсынысты мақұлдады.
Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған су тасқынының салдарынан 3 аудан, 2 қала, 30 ауыл және жалпы алғанда 1300-ден астам үй жапа шеккен болатын.