Жүздесу барысында ұжым директоры Әлібек Жұмабай серіктестіктің атқаратын жұмысының бағыттары жайында әңгімелеп берді. Сонымен қатар, зауыт еңбеккерлерімен кездесуде депутаттар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттап, түсіндірді. Сонымен қатар, жүздесулер барысында Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған «Астана - Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық векторы» атты тақырыптағы Елбасы мақаласының мән-маңызы туралы әңгіме болды.
Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Құттықожа Ыдырысов облыстық «Нұр Отан» ХДП филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.