Сыр өңіріне бұл жолы қадам басқан халық қалаулыларының арасында «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Сейітсұлтан Әйімбетов, Бақытжан Ертаев, Уәлихан Бишімбаев бар. Олар облыстың Сырдария, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарының және Қызылорда қаласының тыныс-тіршілігімен танысты. Халықпен жүздесіп, ой-пікірлерін тыңдады. Парламентарийлер жұмыс сапары аясында партияның сайлауалды тұғырнамасының орындалуы жайлы айтып беріп, аймақтағы өзекті мәселелерге назар аударды. Олар сонымен қатар, бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысына назар аударды.
02:51, 01 Желтоқсан 2013
Мәжіліс депутаттары Сыр өңіріндегі жұртшылықпен жүздесті
ҚЫЗЫЛОРДА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болып, сайлаушылармен кездесулер өткізуде. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.