Бүгін Оңтүстіктегі индустриялық аймақтардың бірі - Тассай индустриялық аймағының тыныс-тіршілігімен бір топ ҚР Мәжіліс депутаттары -Берік Оспанов,Уалихан Қайназаров, Ержан Құдайберген және тағы басқа депутаттар танысты.
Сонымен қатар, депутаттар индустриялық аймақта іске асырылып жатқан «Мега Смарт» ЖШС-ның жылтыр МДФ плиталарын өндіретін зауытының құрылысын көрді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы, индустриялық аймақ құрылысына ұлттық қордан 1,0 млрд.теңге бөлініп, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл аймақта жалпы құны 18,7 млрд.теңгеге 18 жоба іске асып, 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылуда. Яғни, бюджеттік 1 теңгеге 18,7 теңге жеке инвестиция тартылмақ. Сондай-ақ, мұнда жыл соңына дейін 5 жобаның іске қосылуы күтілуде. Онда 200-ден астам жұмыс орындары құрылатын болады. Аймаққа инвестиция тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Депутаттар Оңтүстікте атқарылып жатқан игі шараларға оң бағасын беріп, әрмен қарай өзге де нысандармен танысуды жалғастырды.