Бұл туралы Мәжілісn34 баспасөз қызметінен хабарланды.
Заң жобасы бойынша республиканың барлық аймақтарында ұлттық палата филиалдарын құру көзделіп отыр.
Сонымен бірге, Палата міндеттерінің қатарына өкілдіктер мүдделері мен кәсіпкерлер құқын қорғауды енгізу де көзделген. Сондай-ақ, Палата қызметіне отандық өнімді қолдау, кәсіпкерлерді оқыту және инвестиция тарту кіретін болады.
Ұлттық палата Қазақстанда тіркелген кәсіпкерлік субьектілерінің міндетті жарналық ұстаным негізінен құрылады.