Мәжіліс депутаттары жалпықалалық сенбілікке шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс депутаттары Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің бастамасымен жалпықалалық сенбілікке шықты, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Халық қалаулылары елордамыздағы жаңа үлкен көшелердің бірінде 100-ден астам көшет ағаштарын екті. Қаланы көгалдандыруға шифердия, шаған, терек сияқты жас ағаштар әкелініп отырғызылды.

Сенбілікке «Нұр Отан», «Ақ жол», ҚКХП және Қазақстан халқы ассамблеясының атынан сайланған депутаттар мен Мәжіліс аппаратының қызметкерлері қатысты.