Мәжіліс депутаттары Жамбыл және Қарағанды облыстарына сапармен барды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаттары Жамбыл және Қарағанды облыстарына сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Мәжіліс депутаты Марат Бопазов Жамбылоблысына сапары барысында Тараз қаласындағы кондитерлік фабрика жұмысыментанысты.

Осыдан екі жыл бұрын жабдық және коммерциялықжылжымайтын мүлікті қайта жаңартып, вафли өндіретін желі сатып алуға несиеалған фабрика бүгінгі таңда жылына 2160 тоннаға жуық өнім өндіруде.

Халық қалаусымен кездесуде кәсіпкерлер зауыттыңжұмысы мен тыныс-тіршілігі туралы жан-жақты айтып, фабриканың жоба құны850 миллион теңге болатын екінші кезеңінің құрылысы аяқталуға жақын екендігінетоқталды.

Жоба биыл іске қосылып, кәсіпорынның толық жылдыққуаты 4500 тонна болады деп жоспарлануда. Осыған орай, тағы жетпіс адамдықжұмыс орны ашылған. Жобаның екінші кезеңі осы жылдың аяғында пайдалануғаберілмек. Сонымен қатар биыл жаңа корпус құрылысы мен жаңа өндірістікжелілерді сатып алу көзделген. Заманауи жабдықтарды іске қосу кәсіпорынқуаттылығын 4500 тоннадан 12 000 тоннаға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ, өнімдердіэкспортқа шығаруға жол ашып, қосымша 170 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Бұл «Бизнестің жолкартасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қомақты қаржыға несие алып,жұмысын жандандырып отырған кәсіпорын өңір экономикасын арттыруға өз үлесінтигізіп отырғанын көрсетеді.

Осығансәйкес, Мәжіліс депутаты мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке көрсетіліп жатқанқолдаудың маңыздылығына мән берді.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаттары Мансұрхан Махамбетов пенЖамбыл Ахметбеков Қарағандыдағы Көші-қон қызметтері орталығына барды.

Мәжілісдепутаттары орталықтың жұмысымен танысып, мемлекеттік қызметтерді алу үшінмекемеге келген шетелдік азаматтармен әңгімелесті.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша Елбасымыз алға қойған міндеттердіжүзеге асыру аясында бүгін біз орталық қызметімен таныстық. Барлық көші-қон қызметтері «бір терезе» қағидаты негізіндеұсынылуда. Бұрын құжат алу үшін бірнеше мекемеге хабарласып, оған 7 күн қажетболса, қазір құжаттарды орталықтан бір сағатта алуға болады. Ең бастысы, бұлхалық үшін өте ыңғайлы, - деді Мәжіліс депутаты М. Махамбетов.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетілетін мемлекеттікқызметтердің сапасын жақсарту және еңбекші-мигранттарды заңдастыру мақсатындаКөші-қон қызметтері орталығы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттіккорпорациясының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бірлескенжобасы.

Бүгінгі таңда қала орталығында орналасқан орталық бірнеше қызмет түрлерінкөрсетеді. Мұнда келушілер үшін барыншажағдай жасалған. Сондай-ақ, еңбек мигранттарына ыңғайлы болу үшін орталықтаденсаулық сақтау, екінші деңгейлі банктер және сақтандыру компанияларыныңөкілдері жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар