Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Алматы облысына келді

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламанті Мәжілісінің қаржы және бюджет комитеті Алматы облысында көшпелі жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуда халық қалаулылары салық кодексіне енгізілетін өзгертулерді талқылады. Жалпы Алматы облысының бюджеті соңғы үш жылда 51 пайызға өсіп, 2016 жылы 140 млрд теңгеге жуықтады. Бұл тоқтап тұрған кәсіпорындарды іске қосып, жаңа жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде мүмкін болып отыр. Мәжіліс депутаттары ондай кәсіпорындарды өз көзімен көріп, ірі салық төлеушілермен пікір алмасты.
 

«Әр жерде іс қалай жүріп жатқанын көріп жатырмыз. Елдің көңіл-күйін көріп жатырмыз. Әр жерде жаңадан ашылып жатқан өндірістермен танысып, оларға қандай көмек керек екенін анықтап, соны зерттеп барып, заңды түрде заңдарға көп өзгерістер енгіземіз», - деді Мәжіліс депутаты Қожахан Жабағиев.

Сондай-ақ,  халық қалаулылары жаңа салық жүйесі тұтас елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.