Мәжіліс депутаттарының ұсынысын неміс депутаттары қолдайды - Бундестаг депутаты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу жайлы ұсынысын олардың германиялық әріптестері де қолдап отыр, деп жазады ресми БАҚ.

Бундестаг депутаты Генрих Цертиктің ойынша, қазақстандық әріптестері дұрыс шешім қабылдады. Парламент Мәжілісінің жаңа құрамы Президент реформаларын жүзеге асыруға және Қазақстанның дамуына үлес қосады.

«Мен қазақстандық әріптестерімнің шешіміне сенемін. Бұл дәл уақытында, ойластырыла шешілген. Қазақстанда Ұлт Жоспары қабылданды, елдеріңіз осы реформаны орындау жолымен жүріп келеді. Әлемде тұрақсыздық орын алып жатқанда, осындай бағытта алға қарай жылжу өте дұрыс шешім. Ал жаңа Мәжіліс Президент алған қойған тапсырмаларды орындауға жаңа күшпен кіріседі».