«Заң шығару жұмысына қатысты Президенттің тапсырмасы жоспардың арнайы бірінші бөлімінде көрсетілген, оның ішінде депутаттық каникул мерзімін қысқарту мәселесі де қамтылып отыр», - деді Мәжіліс вице-спикері Сергей Дьяченко төртінші сессиядағы жұмыс жоспарымен таныстыра отырып.
Ал алдағы сессияға келсек, 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында Қазақстанның мұнай-газ секторын дамыту перспективалдарына арналған парламенттік тыңдау өткізу көзделеді. Мұны Экология және табиғатты пайдалану комитеті ұйымдастыруға ниет білдірген. Ал Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мәселесіне қатысты парламенттік тыңдау өткізуді ұсынады. Бұдан бөлек, сессия барысында комитеттердiң бiрнеше көшпелі отырыстарын өткiзу жоспарланған.