Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Ә.Т.Бимендина, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Археология және этнология кафедрасының меңгерушісі Ұ.Үмітқалиев, Археология және этнология кафедрасының оқытушысы Қ.Рахымжанов қатысты.
Конференцияда атадан мұра болып келе жатқан құндылықты құрметтеуге ықпал ететін ұлтжандылықты тәрбиелеу мақсатында, тарих беттеріне шолу жасалып, Қазақ хандығының соңғы ханы - Кенесары ханның соңғы көші туралы көрініс ұсынылды.
Екінші бөлімде «Қазақ халқы Тәуелсіздік жолында» тақырыбында баяндамалар тыңдалды. Үшінші бөлімде «Мәңгілік ел» әдеби-музыкалық композициясы орындалды.
Конференция мақсаты - жас ұрпақты кешегі бабалар аманатына адал болуға баулу, ел мен жердің иесі бүгінгі жас ұрпақ екендігіне көздерін жеткізу, ел тарихына, шежіресіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, патриоттық сезімін қалыптастыру болды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметінен.