Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған қазақстандық парламенттік делегация бүгін Санкт-Петербордан Астанаға оралды. Нева жағалауындағы қалада желтоқсанның 1-3-і аралығында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Парламентаралық Ассамблеясы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы Парламентаралық Ассамблеясының түрлі форумдары өткенін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.
Ә.Жолшыбеков Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетке басшылық етсе, А.Бижанов Сенатта - Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне жетекшілік етеді.