Мәжіліс депутаты Астана мaңындағы ауылдардың проблемасын көтерді

АСТАНА. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат - Қарашаның 17-сі күні өткен Парламент Мәжілісінің  жалпы отырысында  депутат Майра Айсина Республика Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің атына сауал жолдап, елорданың түбіндегі ауылдардың өзекті мәселелерін көтерді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутатты Астана маңындағы ауылдарда электр энергиясының болмауы, ауыз су тапшылығы мазалап отыр. Сонымен қатар, елді мекендегі ескі мектепте дәріс алып жатқан балалардың саны үш есе көп екенін, қалғандары Астанаға кез келген көлікпен келетінін айтып, осындай проблемалар тұрғындар үшін күннен күнге өзекті бола түскенін жеткізді.

 «Үкіметтен Астана маңындағы ауылдардағы проблемаларды зерделеуді, орын алған мәселелерді кешенді түрде шешуді, сондай-ақ 2010 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде Талапкер селосындағы жалпы білім беретін орта мектептің құрылысын қаржыландыру мәселесін қарауды өтінемін», деді депутат Майра Айсина.