Мәжіліс депутаты Атыраудағы перинаталдық орталықта ота жасады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Алтын скальпель» белгісінің иегері Зәуреш Аманжолова облыстық перинаталдық орталықта ота жасады, деп хабарлады ҚазАқпарат  тілшісі.

Кесір тілігі арқылы екі сәбидің дүниеге келуіне септігін тигізген депутат мұнайлы аймақтағы перзентханалардың материалдық-техникалық жабдықталуы мен дәрігерлердің біліктігі жоғары екенін айтты.

«Ота жасауға облыс дәрігерлерінің біліктілігін бақылау үшін емес, олардан өзіме қажетті ақпараттар алу үшін қатыстым. Бүгінде Қазақстанда ана мен бала денсаулығын сақтау үшін барлық жағдай жасалған», - деді ол.

Айта кетейік, өткен жылы облыстық перинаталдық орталықта 8600 бала дүниеге келген. Ал биылғы жаңа жылдың алғашқы үш күнінде 56 нәресте өмір есігін ашты.