Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Ауған парламентшісі Астанаға Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан жолы: Бірлік.Патриотизм.Реформалар» атты халықаралық конференцияға келген болатын. Жүздесу барысында тараптар Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға және ауған халқына жасаған ізгілік көмегін атап өтті.
Сондай-ақ, кездесуде екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларды нығайту мәселесі талқыланды. Бұдан бөлек, әңгіме барысында парламентаралық өзара байланыстың көкжиегін ұлғайтуға айырықша назар аударылды.
Кездесуге ауғандық парламентші Баз Мохаммад Джаузджани және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мурат Ахмадиев пен Самиғолла Оразов қатысты.