Мәжіліс депутаты Б.Смағұл елорда жастарымен кездеспек (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 сәуір күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Әдебиет порталы» мен «Тұлғатану» жобасының ұйымдастыруымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, ақын Бақытбек Смағұлмен кездесу кеші өтеді.

Ұлттық құндылықтарды үнемі насихаттап жүретін, асқақ рухты танымал тұлғамен болатын кездесу барысы еркін диалог ретінде өрбиді. Студенттер мен кеш қонағы арасында ұлттық рух, отаншылдық, ар, намыс, ерлік, мемлекетшіл биік сана секілді өзекті тақырыптар қозғалады.

Ел үшін қабырғадан қан кешіп, қас маңдайын қарысы бораған оққа тосқан қас батырлық туралы әңгімелер айтылып, Бақытбек Смағұлдың патриоттық тақырыптағы өлеңдері оқылады. Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайлас келіп отырған іс-шараға халық арасында орасан қара күшімен танылып жүрген балуандар мен Астанада тұратын белгілі ақындар, өнер жұлдыздары қатысады деп күтілуде.