Мәжіліс депутаты Б.Тілеухан мектеп оқушыларының оқу құралына қатысты мәселе көтерді

ТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеухан тағы да мектеп оқушыларының оқу құралына қатысты мәселе көтерді.

Депутат осы уақытта мектеп оқушылары қолданып жүрген күнделікті безендіру мәселесіне назар аударды. «АҚШ-тың алып күшті мемлекет екеніне шүбә жоқ. Алайда қазақстандық оқулықтың сыртына АҚШ-тың «Бостандық мүсіні» бейнесінің не қажеті бар? Біздің өзіміздің бәйтерегіміз бар еді. Қазақстанда одан өзге де ұлттық символдар жетерлік. Ал АҚШ-тың символы бізге не береді?»,-деген қынжылысын білдірді ол.

Б.Тілеуханның айтуынша, күнделіктің ішінде Қазақстанның мемлекеттік мерекелерінің тізімі берілген, алайда Құрбан айт мерекесі назардан тыс қалған. Сонымен бірге қазақтың әнұраны күнделіктің соңғы бетінде беріліп, күнделіктегі негізгі мағлұматтардың барлығы орыс тілінде түзілген. «Осындай мәселелерге келгенде нақты ұсыныстар болуы керек. Мектепте күнделігін бір жыл бойы ұстап жүретін баланың жадында «Бәйтерек» емес АҚШ-тың «Бостандық мүсіні» қалады. Ал осындай жағдайда өз Отанының патриоттарын тәрбиелеп отырмыз деп қалай айта аламыз? - деді халық қалаулысы.