Мәжілістегіжазғы демалысты тиімді пайдаланған депутат ең алдымен Жалаңашкөл заставасынабарды. Елдің шетінде, желдің өтінде Отан алдындағы борышын абыроймен атқарыпжатқан офицерлер және сарбаздардың жағдайын бағдарлап, жарақтануымен танысты.Халық қалаулысы шекарашылардың материалдық-техникалық базасыныңқанағаттанарлықтай, ал шекарашылардыңжағдайы жақсы екендігін көрді.
Биыл 18тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 27 жыл толады. Сондай-ақЖалаңашкөл оқиғасына 50 жыл. Осы бір қос айтулы датаға орай жетісулықшекарашылар өз заставалары арасында атты шеру ұйымдастырды. Тұлпар мініп, туұстаған сарбаздар тау-таспен, орман-тоғай арасымен 200 шақырымға жуық жүріп өтті. «Бұл шеру олардың өз қызметтестерінекөрсеткен құрмет және жарты ғасыр бұрын болған Жалаңашкөл оқиғасында қазатапқан сарбаздар рухына тағзым ету»,- дейді «Достық» шекара комендатурасы басшысының орынбасарыСамат Салауатов.
Атты шерудіңэстафетасын Жалаңашкөл заставасында Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл қабылдап,ақ батасын беріп, Мақаншы шекара заставасына жолдады. Сондай-ақ халық қалаулысыДостық ауылындағы Жоңғар шекара заставасына да барып, сарбаздардың жағдайынсұрастырды. Өз шығармаларынан жалынды өлеңдер оқып, күрделі жөндеуден өткензастава ауласына шырша отырғызды.