Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Жүздесуде аталған Қордың алдағы жоспарымен танысып, Орта Азияға тұрақтанған халықтың әлеуметтік хал-жағдайы бойынша пікір алмасылды.
Кездесуге Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы Шавхат Өтемісов пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықты қоныстандыру саласындағы қорының Қазақстан бойынша атқарушы өкілі Райымбек Сейсемалиев қатысты.