Мәжіліс депутаты Г. Исімбаева Алматыда сайлаушылармен бірқатар кездесулер өткізді

Фото: None
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты Гүлмира Исімбаева Алматы қаласының бірқатар кәсіпорындарында болып, еңбек ұжымдарымен, сайлаушылармен кездесу өткізді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, депутат Түркісіб ауданында №115 мектеп жанынан салынып жатқан бала бақшаның құрылысын аралап көрді. Ондағы жұмысшылармен және тұрғындармен тілдесті. Депутат сонымен бірге, муниципалдық көлікке қызмет көрсететін мамандар оқытатын «ТЧЭ-28» Локомотив депосының колледжінде болды. Сондай-ақ, №24 аудандық емхана қызметкерлерімен жүздесу барысында ұжым тарапынан дәрігерлердің жетіспеушілігі туралы мәселе көтерілді. Бұдан бөлек, дәрігерлердің әлеуметтік мәселелері, оларды баспанамен қамту жайы сөз болды. Мекемелердің жаңа медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу жағдайына да назар аударылды.

Жүздесулер барысында депутат Г. Исімбаева сайлаушылар көтерген мәселелерге жауап беріп, заң шығармашылығы жайында әңгіме өрбітті.

Соңғы жаңалықтар