Мәжіліс депутаты Қ.Сүлейменов ҰҚК қызметкерлерімен кездесті

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қайырбек Сүлейменов Алматы қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінде кездесу өткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметінен.

Аталған іс-шарада Қ. Сүлейменов баяндама жасап, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Қазақстан. Мақсаттар 2017. Ұлттық іс-әрекеттер жоспары» тұғырнамасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заң шығарушылық қызметі жайынан хабардар етіп, тыңдаушылармен ой-пікір алмасты.