Жүздесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық күн тәртібінде тұрған мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, әңгіме барысында Мәжіліс депутаты М. Әшімбаев Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесі болып табылатын Біріккен Корольдікпен байланыстардың өркендеуіне жоғары баға берді. Бұдан бөлек, тараптар Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға халықаралық қауымдастық үйлестіріп отырған мәселеге қолдау жөнінде бірегей көзқарас танытты.
Сонымен қатар жүздесу барысында Сириядағы жағдайлар бойынша да әңгіме өрбіді.