Кездесулерде депутаты Сабильянов сайлаушыларға Елбасының «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының іске асырылуы, Парламенттің заң шығару қызметі, «Нұр Отан» партиясының атқарып жатқан жұмыстары туралы және «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламаларының іске асырылуы туралы айтып берді.
Сонымен бірге, «Нұрлы жер», нәтижелі жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес-2017» жаңа бағдарламалардың негізгі бағыттары туралы түсіндірме берді.
Сайлаушылар өз кезегінде ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті дамыту, сумен, тұрғын үймен қамтамасыз ету, автожолдарды жөндеу, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту мәселелері, медициналық қызметтерді көрсету сапасын жақсарту, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру туралы мәселелерді көтерді.
Осыған қоса, депутатпен кездесулерге қатысушылар әлеуметтік сала жұмысшыларының жалақысын көтеру ауыл шаруашылық техникасына лизинг бағасын реттеу, кейбір жер мәселелерін шешу, және де ардагерлер туралы заң қабылдау қажеттілігін айтты.
Кездесулер барысында депутат Н.Сабильянов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.