Мәжіліс депутаты С. Сәрсеновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
10:22, 06 Наурыз 2013
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты Сағиятолла Сәрсеновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары осындай шешім қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, С. Сәрсенов Парламент Мәжілісінің депутаттығына «Ақжол» партиясының атынан партиялық тізім бойынша сайланған болатын.
Сондай-ақ, өткен аптада депутаттық мандатты иеленген Серік Сейдуманов Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына сайланды. Ол «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша депутаттыққа өткен болатын.