Мәжіліс депутаты Серікжан Мұқашевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылданды
13:06, 24 Маусым 2009
АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Серікжан Мұқашевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Орталық сайлау комиссиясының ұсынымына сәйкес депутаттың өкілеттілігі 2009 жылғы шілденің 1-інен бастап тоқтатылады.