Мәжіліс депутаты Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасының жұмысымен танысты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаты, «Халық Қаһарманы» генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі «Оңтүстік» Өңірлік басқармасында болды.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Мәжіліс депутаты сапар аясында басқарманың жеке құрамымен кездесті. Сонымен қатар, Сарыағаш пен Жетісай қалаларындағы 20/20 және 20/37 әскери бөлімінде болып, сарбаздардың тыныс тіршілігімен танысты. Әскери қызметшілермен болған әңгіме барысында Мемлекет басшысының бес институттық реформасы, «100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелері сөз болды. Депутат әсіресе әскери қызметшілердің имиджін көтеру, жастарды патриотизм рухынды тәрбиелеуге көбірек көңіл бөлді», делінген баспасөз баянында.