Атап айтқанда, депутат Өскемен қаласындағы тамыз кеңесі аясында білім беру қызметкерлерімен кездесті. Сонымен қатар, шара барысында депутат «Білім берудегі инновациялық стратегия мемлекеттің, қоғам мен тұлғаның орнықты дамуының факторы» тақырыбында баяндама жасады.
Бұдан бөлек, депутат Ә. Бимендина Глубокое ауданында облыс әкімі Б. Сапарбаевпен бірге жаңадан салынған орталық аудандық аурухананың ашылуына қатысты. Халық игілігіне арналған ғимарат заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.