ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов Жеңістің 70 жылдығы құрметіне Сырбай Мәуленовтің «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңін оқып, ардагерлерге алғысын білдірді.
Айта кетеу керек, «Өшпес естелік. Соғыс туралы жырлар» жобасы бойынша, Жамбыл Жабаевтың, Сырбай Мәуленовтың, Юрий Соловьевтің пен Петр Давыдовтың және Юрий Вороновтың өлеңдерін депутаттар: Абай Тасболатов, Галина Баймаханова, Мұхтар Тінекеев, Светлана Ферхо және Алмас Тұртаев жатқа оқыды.
Ақ-қара түсте жасалған видеороликтер туған елінің ашық аспаны мен бейбіт өмірі үшін шайқасқандардың жеңілмес рухтары және шынайы патриотизм мен ерліктерін еске салады.