Айта кету керек, Палата жетекшісі жалпы отырыста жуырда туған күндері болған әріптестерін құттықтап өтті. Соның ішінде депутат Тұрарбек Асанов 4 наурыз күні 60 жасқа толған болатын. Қазақстан Президентінің Алғыс хаты депутатқа еліміздің саяси-әлеуметтік өркендеуіне, маңызы зор және қоғамға аса қажетті заңдардың қабылдануына қосып келе жатқан үлесі үшін берілді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған Алғыс хатта: «Сіз еңбек жолыңызды инженерліктен бастап, мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқардыңыз. Тәуелсіздік жылдары Медеу және Алмалы аудандарының әкімі болып, оңтүстік астананың өркендеуіне елеулі үлес қостыңыз. Жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы көп жылғы жемісті еңбегіңіз және Парламент Мәжілісі депутаты ретіндегі қазіргі абыройлы қызметіңіз үшін алғысымды білдіріп, зор денсаулық, отбасыңызға бақыт пен береке тілеймін»,- деп жазылған.