деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Палатаның жалпы отырысында депутат Людмила Хочиеваға Мемлекет басшысының Алғыс хаты мен төсбелгісін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов салтанатты жағдайда табыс етті.
Бұл марапат парламентшіге еліміздің саяси-әлеуметтік өркендеуіне, ұлт пен ұлыстар арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына және қоғамға аса қажетті заңдардың қабылдануына қосып келе жатқан үлесі үшін беріліп отыр.
Мәжіліс депутаты Л.Хочиева 1959 жылы қарашаның 28-інде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Шарбақты ауылында туған. 2007 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Қазіргі уақытта Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі ретінде жемісті қызмет етіп келеді.
Қарашай-балқар мәдени орталығының төрайымы ретінде еліміздегі аз ұлттар өкілдерінің салт-дәстүрі, мәдениеті мен өнері, тілі мен әдебиетінің дамуына үлес қосып келеді. Қазақ пен балқар халықтарының арасында достық байланыстың өрістей түсуі жолында және жастарды ұлттық тәрбиеге баулуда еңбек сіңіріп жүр. Бірнеше мерейтойлық медальдармен және «Құрмет» орденімен марапатталған.