Үкімет сағаты аясында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф баяндама жасайды деп күтіледі. Бұдан бөлек, агенттік басшысы депутаттар көтерген мәселелерге түсініктеме беріп, сауалдарға жауап қататын болады.
15:23, 16 Маусым 2013
Мәжіліс Дін істері агенттігінің қызметін қарайды
АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Ертең дүйсенбі 17 маусымда Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты өтеді. Онда Мәжіліс депутаттары ҚР Дін істері агенттігінің екі жылдық қызметінің қорытындыларын талқылайтын болады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.