Мәжіліс индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысты құжатты талқылайды

None
ТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 9 қарашада Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралады.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аталмыш құжат пен оған ілеспе құжаттарды Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау ұсынады.

Сондай-ақ отырыста Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасайды. Сонымен қатар отырыста зияткерлік меншікке түзетулер енгізу мен халықаралық келісімдерді ратификациялауға қатысты заң жобалары қаралады.