Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аталмыш құжат пен оған ілеспе құжаттарды Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау ұсынады.
Сондай-ақ отырыста Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасайды. Сонымен қатар отырыста зияткерлік меншікке түзетулер енгізу мен халықаралық келісімдерді ратификациялауға қатысты заң жобалары қаралады.