Құжат қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі мен ипотекалық кредит беру мәселелері бойынша азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Сонымен бірге, заң жобасы бойынша акционерлік қоғамдардың лауазымды тұлғаларының жауаптылығын олардың қабылданатын шешімдер үшін дербес жауапкершілігін анықтау арқылы күшейту шаралары көзделеді.
«Заң жобасы ипотекалық заемшыларды қорғауды күшейте түседі. Атап айтқанда, соттың шешімінсіз ипотекалық кредит бойынша кепілде тұрған мүлікті, кепіл иесінің тиісті жазбаша түрде берілген келісімі болмаса заңды тұлғаның оларды пайдалануы үшін тыйым салу нормалары қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, кепіл ұстаушыға кепіл мүлкіне қатысты оны сату қажеттігі туындаған жағдайда тәуелсіз бағалау жүргізуді міндеттеу көзделеді», деді заң жобасы бойынша баяндаған Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова.
Оның айтуынша, құжатта жалпылама қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шаралары да қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, банктік заемдар келісімшарты бойынша заңда қарастырылған жағдайдан басқа жағдайларда шарттарды біржақты өзгертуге тыйым салынады.